Accessibility links

Бүгін Киевте шерулер болды


Украина президенті мен премьер-министрі арадағы саяси теке-тірестен шығудың жолдарын қарастыра бастады, бірақ бұған қарамастан, бүгін мыңдаған бақталас шерушілер Киев көшелеріне шықты. Президент Виктор Ющенко егер ортақ мәмілеге келіп, заң шығарушылар күрделі саяси реформаларды жүзеге асыра алса, Жоғарғы раданы тарату жөніндегі Жарлығының күшін жоятынын айтты. Бұл туралы Ющенко кеше премьер-министр Виктор Януковичпен кездескен соң, баспасөз-мәслихатында хабарлады.
XS
SM
MD
LG