«Нұрбанк» төңірегіндегі дау одан әрі жалғасын тауып отыр. 30-қаңтарда «Нұрбанкке» келіп, банк ғимаратында Жолдас Темірәлиевты іздеген Алматы қалалық ішкі істерінің жедел әрекет ету тобының төрт жауынгері «қызмет бабын асыра пайдаланғаны» үшін деген айыппен сотқа тартылмақшы. Алайда жауынгерлердің қорғаушылары «олардың еш жазығы жоқ» деп мәлімдеп отыр. Билікке жақын ресми ақпарат көздері ақпан айының басында «Нұрбанкке» шабуыл жасап, кредиттік, банкқа қатысты қаржылық құжаттарды алып кетпекші болған жедел әрекет ету тобының төрт жауынгерін банк күзеті ерлікпен қарусыздандырып, заңсыздыққа жол бермеді» деген ақпарат таратқан болатын. Алайда ол жауынгерлердің қорғаушылары сол оқиға туралы тұңғыш рет БАҚ өкілдеріне сейсенбі күні түсініктеме бергенде ондай «қару пайдаланған, не қарусыздандыру оқиғасы болмағанын, бәрі де заң шеңберінде өрбігенін, ал кейбір ақпарат көздері болған оқиғаны бұрмалаған» деп мәлімдеді.
- Шын мәнінде жедел әрекет ету тобының командирінен бұйрық алған бұл жауынгерлер банкке келіп, күзет алдынан тыныш қана өтіп, 9-қабатқа көтеріліп, сондағы күзетшіге құжаттарын көрсетіп, мән-жайды түсіндірген. Қабаттағы күзетшіден «барлық жағдай тыныш, күштеп ешкім ұстап отырған жоқ» дегенді естіген соң, қайтадан кері қайтпақ болып, қабаттағы лифтіні күтіп тұрғанда Рахат Әлиевке кезігеді, оған құжаттарын көрсетеді. Содан соң Рахат Әлиев оларға төменге түсулерін өтініп, кейін жауынгерлерді қалалық ішкі істер басқармасына табыстайды. Төменде оларды Президент күзетінің жауынгерлері күтіп тұрады. Ал осы тоғызыншы қабаттағы бейбіт болған кездесулер жазылған бейнетаспа соттың іс-құжаттарында болмай шықты, - деді тергеудегі жауынгерлердің бірінің адвокаты Елена Ребенчук.
Алғашқыда қамауға алынған төрт жауынгер, он күннен соң бостандыққа шығарылған. Қорғаушылардың айтуынша, сол кезде оларға да, адвокаттарына да «ешқандай БАҚ өкілдеріне сұхбат бермеңіздер» деген кеңес берілген екен. «Біз содан енді іс жабылады деген едік, бірақ қайта өршіп кетті» дейді қорғаушылардың бірі Дина Сәрсенова:
- Жауынгерлерге тағып отырған айып бойынша қылмыс орын алмағаны былай тұрсын, ондай қылмыс та болмаған. Яғни, оларда ешқандай да билігін асыра пайдалану орын алмаған.
Араша іздеп Астанаға дейін барып, көңілі толмаған жауынгерлердің бірінің әкесі Елікбай Оспанқұлов болған оқиға туралы былай дейді:
- Біз қаржы полициясына барғанымызда олар бізге: сендер балаларыңды жартылай болса да кінәларын мойнына алатын етіп көндіріңдер. Біз балаларыңызды бірден босатамыз. Олар сотқа тек куәлар ретінде қатысатын болады деп айтты. Ал олар еш нәрсе істемесе, біз оларды қалай көндіреміз? Мойнына еш нәрсені алып керегі жоқ! Ол балалар ешқандай қылмыс істеген жоқ, бұйрықпен келді де, тоғызыншы қабатқа көтеріліп, қайтадан түсті, шықты да кетті, болды.
Қорғаушылардың айтуынша, қазір жауынгерлерге тағылған алғашқы айыптар өзгертіліп, оларды тек «билігін асыра пайдаланған» деген айып бойынша сотқа тартып отырған көрінеді. Ал алғашқы айып «...банк төрағасының орынбасары Нұрәлі Әлиевтің денсаулығы мен өміріне және банктің басқарма төрағасы Жұмаділдаеваның өміріне қауіп төндірерлік күш көрсетіп, қару қолдану арқылы қаржылық-бухгалтерлік құжаттарды әкетпекші болған» деген тұрғыда тағылыпты.
«Нұрбанкке» қатысты іс биылғы жылы Қазақстан қоғамындағы дау-дамайлы тақырыптың біріне айналып отыр. Ел президентінің үлкен күйеу баласы, Қазақстанның Австриядағы елшісі Рахат Әлиев өзінің ар-ожданына нұқсан келтірді деп, ақпанның 14-і күні «Нұрбанктың» бұрынғы төрағасы Әбілмәжін Ғылымовтың зайыбы Нәзира Базарбаева мен аталған банк төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Жолдас Теміралиевтың әйелі Армангүл Қапашеваны сотқа берген болатын. Оған Қапашева мен Базарбаеваның өздерінің күйеулеріне осы банк акционерлерінің бірі болып табылатын Рахат Әлиевтің қысым көрсеткендігі жайлы айтқан мәлімдемесі негіз болған. Рахат Әлиев мырза әлгіндей мәлімдемелерді жала деп тауып, моральдық өтем ретінде Нәзира Базарбаева мен Армангүл Қапашеваның әрқайсысынан 1 миллион теңгеден талап етіп отыр.
Қазақстанның қаржы полициясы «Нұрбанктың» бұрынғы төрағасы Әбілмәжін Ғылымовтың үстінен қылмыстық іс қозғап, тергеуге алды. Ал, қаңтардың 31-і күні банк басшыларымен кездесуге кетіп, содан үйіне қайтып оралмаған «Нұрбанк» АҚ төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Жолдас Темірәлиев пен банктің шаруашылық басқармасының басшысы Айдар Хасеновтің қайда екені әлі күнге белгісіз қалып отыр.