Accessibility links

Ирақта адам шығындары жалғасып жатыр


Бақұба қаласының маңындағы ауылда және Рамади қаласының маңында жасалған шабуылдардың салдарынан кеше отыздан астам адам қаза тапты. Америка Құрама Штаттарының президенті Джордж Буш Ирақтан әскер шығару керек деген заң жобасына қол қоймаймын деп тағы айтты. Демократиялық партия басшылары заң жобасы арқылы саяси мәлімдеме жасай беретін болса бір ғана жолым қалады, заң жобасына вето қоямын, - деді президент Буш. Оппозициядағы Демократиялық партияның Конгрестегі өкілдері ұсынған заң жобасында америкалық әскер келесі жылдың бірінші сәуіріне дейін қайтарылсын делінеді.
XS
SM
MD
LG