Жұрт қала орталығынан Совет әскері қорымының көшірілгеніне наразы. Көшеге шыққандардың көбі орыстар. Олар нацистерге қарсы соғысқан совет әскерінің қорымына тиюге болмайды дейді. Полиция су шашып, резіңке оқ атты. 300-ден астам азамат қамауға алынды, оншақты адам жарақат алды, дейді полиция. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Эстония үкіметінің қимылын айыптады. БҰҰ-ның бас хатшысы Бан Ки Мунн тараптарды сабырға шақырды.