СТАМБУЛ: Кеше Стамбулда зайырлы мемлекетті қолдап, қазіргі исламшыл үкіметтің биліктен кетуін талап еткен наразылық шеруіне шамамен 1 млн. халық қатысты. Оған ұстамды ислам партиясының мүшесі, қазіргі сыртқы істер министрі Абдулла Гүл жеңіске жетуі мүмкін президент сайлауы себеп болды. Әдетте зайырлы мемлекет болуды қолдайтын Түркия армиясы Гүлдің президент болып сайлануына алаңдайтынын анық байқатты. Бірақ үкімет президент сайлауына армияның араласуын демократияға лайық емес деп мәлімдеп, қарсы шықты. Исламға қарсы депутаттар президент сайлауына бойкот жариялап, оның заңға сәйкестігін тексеруді өтініп Конституциялық сотқа жүгінді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Батыс реакциясы және сандар
Грузиядағы сайлауды даулау: оппозиция талабының орындалу ықтималдығы қандай?
-
Маңғыстау
Каспийде жүздеген итбалық неден қырылды?