Accessibility links

АҚШ пен Иранның сыртқы істер министрлері өзара Мысырда жолығуы мүмкін


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Ирақтың қауіпсіздігіне арналған халықаралық конференцияда Иранның сыртқы істер министрімен кездесуі мүмкін екенін мәлімдеді. Кеше Райс ханым Мысырда өтуге тиісті конференцияның барысында Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттақимен “жүздесіп қалуы” мүмкін екенін жоққа шығармады. Бірақ, мемлекеттік хатшы онымен жүздескен жағдайда АҚШ пен Иран арасындағы қарым-қатынас мәселелерін емес, тек Ирақтағы ахуалды ғана талдайтынын ескертті.
XS
SM
MD
LG