Accessibility links

Ауғанстанда соғысушы деп күдіктелген 4 адам құрбан болды


Ауғанстан шығысындағы Хост өлкесінде үкімет ғимаратына жасалған шабуыл барысында соғысушы деп күдіктелген 4 адам өлтірілді. Бұл туралы АҚШ жетекшілігіндегі коалиция күштері хабарлады. Полиция мен шабуылдаушылар арасындағы қақтығыс кеше Пәкістан шекарасының жанындағы Спера аймағында орын алған. Шайқаста, сондай-ақ, 2 полиция қызметкері жараланған.
XS
SM
MD
LG