ВАШИНГТОН: АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Ирақ пен Ауғанстандағы соғыс қимылдарына алдағы бірнеше айға қаржы бөлетін заң жобасын дауысқа салды. Демократтардың басымдығы бар Өкілдер палатасында 221 дауыс қолдап, 205 дауыс қарсы шыққан заң жобасы бойынша соғыс қимылдарына 43 млрд. долларға жуық қаржы бөлінеді. Бірақ жобада соғысқа тағы да қаржы бөлу үшін президент Дж.Буштың алдына шілде айында Ирақта нақты нәтижеге жету талабы қойылып отыр. Осыған дейін Дж.Буш өзінің соғыс жүргізуіне талап-шарт қоятын кез-келген заңға вето қоятынын ескерткен болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Батыс реакциясы және сандар
Грузиядағы сайлауды даулау: оппозиция талабының орындалу ықтималдығы қандай?
-
Маңғыстау
Каспийде жүздеген итбалық неден қырылды?