Accessibility links

Вашингтон Косово тәуелсіздігін қолдайды


Вашингтон Сербияның Косово өлкесіне тәуелсіздік берілуін қолдайды. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Николас Бурнс хабарлады. Косово тәуелсіздігіне қарсы болып отырған Ресей БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде осы мәселеге байланысты дауыс бергенде “конструктивті” болуға тиіс, деді Бурнс. Мәскеу Сербия мен Косово арасындағы келіссөздердің одан әрі жалғасуын қалайды. Николас Бурнс Оңтүстік-шығыс Еуропа елдерінің саммитіне қатысу үшін Загребта жүр.
XS
SM
MD
LG