Ирақ полициясының хабарлауынша, бүгін Бағдадтың орталығындағы адам көп жиналған көшеде көлік жарылысы болып, 15 бейбіт тұрғын құрбан болды. Және қатты жарылыстан 30-дан аса кісі жарақат алды. Сонымен қатар Бағдадтың батысындағы жанар-май бекетінің жанында көлік жарылып, 50 адам қаза болып, 60-тан аса кісі жараланды. Ирақ үкіметінің деректеріне қарағанда, шілде айында Ирақтағы қақтығыстардан 1,600 адам қаза болған. Бұл арада АҚШ вице президенті Дик Ченей өзінің айтарлықтай прогресті көрсететін Ирақтағы соғыс туралы басты қыркүйек баяндамасын күтіп отырғанын айтқан.