АҚШ Таяу Шығыстағы бейбітшілік жөніндегі халықаралық конференция қарашаның 27-е өтеді деп ресми түрде жариялады. Мемлекеттік департаментінің баспасөз-хатшысы Шон МакКормактың мәлімдеуінше, келесі аптада Мэриленд штатындағы Аннаполисте өтетін жиынның мақсаты тәуелсіз Палестина мемлекетін құруға бағытталған ресми келіссөздерді бастау болып табылады. Конференцияға Израильдіктер мен Палестиналықтарға қоса шамамен 50 елдің өкілдері шақырылды.