Агенттік алқасы өткен аптада жарияланған агенттік директоры Мұхамед Ел-Барадейдің баяндамасын талқылап жатыр. Баяндамада Иран ядролық бағдарламасы жайындағы сауалдарға маңызды ақпаратты көбірек ашты, дегенмен уран байытуы тоқтатылсын деген Біріккен Ұлттар Ұйымының талаптарына көнбей отыр делінеді. Мұхамед Ел-Барадей кіріспе сөзінде Иранды кеңірек әріптестікке шақырды. Иран делегациясының бастығы Саид Жалили 30 қарашада Лондонда Еуропа Одағы сыртқы істер үйлестірушісі Хавиер Соланамен кездесіп, мәселені талқылаймын деді.