Олардың екеуі де бас министр болған, екеуі де ұзақ жылдары шетелдерде қуғында жүрді. Науаз Шәриф Пәкістанға кеше оралды. Беназир Бхуттоның өзі де жақында қайтып келген. Беназир Бхутто 8 қаңтарда өтетін парламент сайлауына түсу мақсатында құжаттарын тапсырды. Науаз Шариф да сайлауға түсемін дейді, тиісті құжаттарын бүгін тапсырмақ.