Грузияның екі жікшілдік аймағымен қарым-қатынастарын күшейту жоспарынан бас тартсын деген Батыс елдерінің шақыруларын Ресей жоққа шығарды. БҰҰ-дағы Ресей елшісі Виталий Чуркиннің мәлімдеуінше, Ресей Абхазия мен Оңтүстік Осетияда экономикалық дамудың болғанын қалайды, бұл - оларды дипломатиялық түрде мойындау дегенді білдірмейді. Бірақ Грузия сыртқы істер министрі Давид Бакрадзе Ресей аталған екі жікшілдік аймағын қосып алғысы келеді деп айыптап отыр. Ресей мен Грузия арасындағы дау кеше Қауіпсіздік Кеңесінде талқыланған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы