БҰҰ бас-хатшысы Пан Ги-мун азық-түлік өндірісін дамыту үшін жылына шамамен 20 миллиард доллар қаржы керек деп мәлімдеді. Ғаламдық азық-түлік дағдарысына арналған Римдегі басқосуда сөйлеген сөзінде Пан Ги-мун сауда шектеулерін қысқарту туралы және кедей елдердің ауыл шаруашылығына көмекті көбейту жөнінде төтенше жоспарды жариялады. Азық-түлік пен ауыл шаруашылығы бойынша халықаралық ұйымның бас директоры Жак Диуфтың мәлімдеуінше, Ислам Даму банкі кедей мемлекеттердің ауыл шаруашылығын дамытуға көмектесу мақсатында 1.5 миллиард доллар қаражат бөлетін болады.