Бір баррель мұнайдың бағасы Лондон биржасында 143 доллардан асты. Делдалдар Иран ядролық бағдарламасына қатысты дау салдарынан Ираннан мұнай экспорты бұзылуы мүмкін деп алаңдайды. Екінші себеп – америкалық доллар евроға шаққанда одан ары құлдырай түсті. Мұнай бағасы биыл 40 пайыздан аса қымбаттады.