ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қалалық ІІД-не Түрксіб ауданындағы 13-әскери қалашықта орналасқан көппәтерлі тұрғын үйге жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын ақпарат түскен. Арнайы тексеру жұмыстары кезінде екі қабатты тұрғын үйден ешқандай жарылғыш зат табылмаған.