Accessibility links

Ауғанстанға байланысты жаңа ұстаным қажет


АҚШ Конгресі тарапынан жүргізілген жаңа зерттеулер осындай қорытындыға келіп отыр. Құрама Штаттардағы Бейбітшілік институты дайындаған баяндамаға қарағанда, Ауғанстандағы Талибанға қарсы күресті табысты ету үшін бұрынғыдай жоғарыдан төменге қарай бұйрық беру жүйесінің орнына, жергілікті басшыларды бұл іске белсенді түрде тарту ісін жандандыру керек.

Аталған баяндама: АҚШ және НАТО күштері Талибан мен басқа да қарулыларды Ауған әскері мен полициясының көмегінсіз жеңе ала ма?-деген сауал тастауда.

Бұл баяндама президент Барак Обаманың Ауғанстанға қосымша күштер жіберу керек пе деген сауалды қарастырып жатқан тұста жарияланбақшы.
XS
SM
MD
LG