Accessibility links

«Астана Моторс»: Көлік нарығының дамуы тежеледі


Қазақстан импортталатын көліктерге кедендік баж салығын өсіретін болса, елдің құлдырап бара жатқан көлік нарығы дамуын тоқтатады, — делінген «Астана Моторс» мотор компаниясы таратқан баспасөз хабарламасында.

«Егер Қазақстан үкіметі импортталатын көліктерге кедендік баж салығын 10 пайыздан 30 пайызға өсірсе, онсыз да құлдырауды бастан кешіріп отырған көлік нарығының дамуы тежеледі. Импортталатын жаңа көліктер бағасын кезекті рет мәжбүрлі түрде көтеру отандық ресми дилерлердің дефолты мен банкроттығын білдіреді, яғни мыңдаған қазақстандық жұмыссыз қалады», — делінген хабарлама мәтінінде.

17 ақпан күні ҚР индустрия және сауда министрі Владимир Школьник көліктерге импорттық кеден салығын көбейту туралы ұсыныс жасаған болатын. Оның айтуынша, бұл шара ішкі нарықты ескі көліктердің әкелінуінен сақтайды, республикалық бюджеттің табысын молайтып, ҚР аталған саладғы өндірісінің дамуына мүмкіндік береді.
XS
SM
MD
LG