Accessibility links

Нидерландия мен Австралия БҰҰ конференциясына бойкот жариялаушы АҚШ пен Канадаға қосылды


Нәсілшілдік проблемасына арналған ол басқосу сәуірдің жиырмасында, Женевада басталады. Аталған елдер ол конференция Израиль мен Батыс көзқарастарына қарсы қолданылуы мүмкін деп қауіп ойлауда. БҰҰ бұл форумды Оңтүстік Африканың Дурбан қаласында өткен, соңғы конференцияда пайда болған жараларды жазу үшін ұйымдастыруда. Араб мемлекеттері ол конференцияда сионизмді нәсілшілдік сипатта деп бағалаған кезде, АҚШ пен Израиль өкілдері залдан шығып кетіскен болатын.
XS
SM
MD
LG