Accessibility links

«Тасжарған» газетінің жұмысы тоқтатылды


«Тасжарған» газетінің шығарушысы Ермұрат Бапидың мәлімдеуінше, газеттің шығуы тоқтатылды. «Ұзаққа созылған биліктің қудалауынан кейін мен шығарып отырған «Тасжарған» газеті шығуын тоқтатуға мәжбүр болғанын мәлімдеймін, басылым жұмысының тоқтауы қай уақытқа дейін жалғасатыны белгісіз», — деді Ермұрат Бапи «Ар.Рух.Хақ» қоры арқылы таратқан мәлімдемесінде.

Жақында ғана Ермұрат Бапи Азаттық тілшісіне он күн бұрын «Тасжарған» газетінің қудалануына байланысты барлық жауапкершілікті өзіне алу үшін басылымның шығарушысы «Дат-Икс-Медиа» компаниясының директоры болғанын хабарлаған еді. Бұған дейін ол 2003 жылдың 19 қараша күні шығарылған сот шешіміне сәйкес, басылым жұмыстарымен айналысуына тиым салынғаннан бері «бас оқырман» деген атпен газет шығарып келген.
XS
SM
MD
LG