Бүгін Бағдадтағы жанкештілік шабуылдардан 19 адам құрбан болды. Ел астанасының Доура ауданындағы базарда көлік жарылғанда 12 адам қаза тауып, 25 кісі жарақат алды. Оның алдында орын алған жапидашының шабуылынан 7 адам қаза болған. Бұл шабуылдардың бәрі сәрсенбі күні Бағдадтың шииттер тұратын аймағында болған көлік жарылысынан 40 адам қаза болып, 82 кісі жараланған оқиғадан кейін бірнеше сағаттан соң болып отыр.