Жексенбі күні Теһранда Иран-Ауғанстан-Пәкістан саммиті өтуге тиіс.
Үшжақты басқосу алғашқыда 19 мамырға жоспарланған болатын. Бірақ Пәкістанда тәліптерге қарсы ірі соғыс операциясының басталуына байланысты кейінге ысырылды.
Иран, Ауғанстан және Пәкістан президенттері Махмуд Ахмадинеджад, Хамид Қарзай және Асиф Әли Зардари Талибан қозғалысының содырларына тойтарыс беру шараларын, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылауға тиіс.