Accessibility links

Алматы денсаулық сақтау басқармасының бастығы жаңадан тағайындалды


Алматы қаласы әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қалалық денсаулық сақтау басқармасының жаңа бастығы Еркін Дүрімбетовті ұжымға таныстырды.

Еркін Дүрімбетов бұған дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алматы қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы болып қызмет істеген.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бұрын Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметін атқарған Зауреш Аманжолова Бостандық ауданының әкімі болып тағайындалған еді.
XS
SM
MD
LG