АҚШ президенті Барак Обаманың жетекші экономикалық кеңесшісі экономикалық дағдарыстың ең ауыр кезеңі әлі алда деп ескертеді.
Financial Times газетіне берген сұхбатында Ақ үйдің ұлттық экономикалық кеңесінің директоры Ларри Саммерс дағдарыстың ең ауыр кезеңі өтті деп ойламайтынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, АҚШ-та жұмыс орындары тағы да азаюы және жалпы ішкі өнім көлемі қысқаруы мүмкін.
Сонымен бірге Саммерс экономикалық ахуалды бақылаусыз қалды деп айтуға болмайды деп, қаржы нарықтарындағы асып-сасудың басылғаны сынды оң нышандардың пайда болғанын да жасырмады
«Үлкен сегіздіктің» Италиядағы саммитінде президент Барак Обама экономика қалпына келе бастады деп айтудың мезгілі келмегенін мойындап, экономиканы ынталандыру бағдарламаларын тоқтатуға ертелеу екенін атап көрсеткен болатын.