Accessibility links

Тахиржан тағы бір саусағын кеспек


Бүгін Алматылық кәсіпкер Тахиржан Ахметов журналистер мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің алдында өзінің екінші саусағын кеспек. Бір жыл бұрын сот орындаушыларының әрекетіне наразылық белгісі ретінде оның шынашағын кесіп тастағанын хабарлағанбыз.

Бүгін жүзеге асыратын қадамы туралы Азаттық радиосына мәлімет берген Тахиржан Ахметов: Бұл оқиға сериал секілді жалғасуда. Менің азаматтық құқығым әлі тапталып отыр. 16 шілде күні шынашағымды кескеніме тура бір жыл болады, осы күні екінші шараны өткізем, – деді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Тахиржан Ахметов үш жылдан астам уақыттан бері бұрынғы компаньоны Нұрғайша Қарабасовамен соттасуда, мейрамхана бизнесін бірге бастаған кезде Ахметов ортақ жоспарды іске асыру үшін өзінің пәтері мен шағын дүкенін сатқан.

Алматы қаласы бойынша сот әкімшілігі кәсіпкерді райынан қайтарып, берген уәдесін орындағанда Тахиржан Ахметов пайданың 50 пайызын иеленуге тиіс болатын, ал серіктесі оған 4 миллион теңгеге жуық (шамамен 27 мың доллар) ақша төлеуі керек.
XS
SM
MD
LG