Accessibility links

Берік Имашев: Мұхтар Жәкішевтің мүддесін қорғауыма ешқандай процессуалдық негіз жоқ


Сенатор Берік Имашев «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісіне қатысты ҰҚК-нің әрекетіне таңғалып, көңілі қалғаны туралы «Время» газетіне сұхбат берді.

«Менің Мұхтар Жәкішевтің мүддесін қорғауыма ешқандай процессуалдық негіз жоқ. ҰҚК-нің мұны Мұхтарға неге түсіндірмегеніне таңғаламын. Бұл мәселеде сұрақ көп. Мұхтарға қылмыстық-процессуальдық кодекске қатысты түсініктеме бермей отырғандығы мен оның адвокатының жоқтығы менің көңілімді қалдырды. Ал қорғау құқығы деген білікті заңдық көмекпен қамтамасыз ету ғана емес, өзіңді қорғауға да құқық беру, не үшін Мұхтарға ол мүмкіндіктің берілмегеніне таңмын.

Айыпталушыны жұбайы, әке-шешесі, ұл-қызы, туған бауыры заңды өкілі, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктің өкілі сияқты субъектілер ғана қорғай алады. Бұл іске Қанафинді жібермей, жіберілмеуге тиіс Имашевтың төңірегінде сонша шу шығарып жіберген ҰҚК-нің әрекетін түсінбеймін», — деді Имашев.

Басылымның Мұхтар Жәкішев неге сізді қорғаушылыққа алғысы келді деген сұрағына Берік Имашев: «Біріншіден, мен ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесімін, бұл іске мемлекеттік құпия дәрежесі берілген, екіншіден, Мұхтар менің немере бауырым», — деп жауап берді.

Бұдан бұрын Бас прокуратураның «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев сот процесіне қорғаушы ретінде шақырғысы келген Берік Имашевтың оны қорғауға құқығы жоқ, — деп мәлімдегенін хабарлағанбыз.
XS
SM
MD
LG