Accessibility links

Евгений Жовтистің адвокаты қайтадан сараптама жасауға өтініш хат дайындауда


Бүгін адам өліміне жеткізген жол-көлік оқиғасының себепкері Адам құқын қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтистің адвокаты Шолпан Батталова, жүргізушісі Владимир Никитенко және куәгер Сергей Нагорныйдың қатысуымен баспасөз маслихаты өтті.

Шолпан Батталова оқиға болған күні химия-токсикологиялық сараптаманың қорытындысы құқық қорғаушының қанының құрамында алкаголь болмағанын көрсеткен болатын, алайда 28 -шілде күнгі сот медициналық сараптамасы шығарған қорытынды бойынша, оның организмінде 0,42 промиль пайыз этил спирті табылғанын айтып отыр деді.

Бірақ сот медициналық сараптама бұл көрсеткіш Жовтистің машина жүргізуіне ешқандай кедергі келтірмейтінін айтқан. Өйткені 0,42 промиль пайыз этил спирті лимонад, квас сусындарын ішкен немесе валидол, карвалол секілді дәрілер қолданған жағдайда қан құрамында пайда бола береді.

Сонымен қатар жол апатынан қайтыс болған 34 жасар жігіттің жол ережесін бұзғаны туралы іс тіркелмеген.

Құқық қорғаушы мен оның адвокаты сараптаманың қорытындысымен келіспейтіндіктерін айтып, қайтадан сараптама жасау үшін өтініш хат дайындауда.
XS
SM
MD
LG