Ауғанстанда қастандық шабуылдың салдарынан 2 поляк жауынгері оққа ұшып, төртеуі жараланды. Әскери басшылықтың мәліметі бойынша, Ауғанстанның Вардак облысында олар отырып келе жатқан әскери техника бомбаға жарылды.
Ауғанстанда қаза тапқан поляктардың саны 15-ке жетті. Қоғамдық сауалнамалардың нәтижесіне қарағанда, Польша азаматтарының басым көпшілігі поляк әскерилерінің Ауғанстаннан елге қайтқанын қалайды.
Ауғанстанда халықаралық күштердің құрамында 2 мыңдық поляк әскері бар.