Accessibility links

Украина: Ресейге газ қарызы уақтылы төленді


Украина премьер-министрі Юлия Тимошенко белгіленген мерзімнен сәл ертерек Украина Ресейге қазан айында газ жеткізгені үшін толық ақшасын төледі деп айтты.

Украина Ресейден алған газы үшін дүйсенбі күні 500 млн доллар төлеуі тиіс болған.

Өткен аптада Ресей премьер-министрі Владимир Путин Украина газға қарызын өтей алмай, жаңадан газ дағдарысын тудыруы мүмкін деген.

Өткен қыста Газпром газға берешегін өтемеді деп екі апта Украинаға газ беруді тоқтатқан. Екі елдің газ дауынан Еуропа елдері зардап шекті.
XS
SM
MD
LG