Accessibility links

Ауғанстан Карзайға қатысты БҰҰ мен шетелдік сындарды қабылдамайды


Бүгін Ауған үкіметі халықаралық талаптарды орындадық деп елдегі шетелдік жетекшілер мен БҰҰ-ы ресмилерінің президент Хамид Карзайға қатысты айтқан сындарын қабылдамайтынын мәлімдеді.

Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде, Ауғанстанның ұлттық егемендігіне құрмет бұзылып отыр делінген.

Ауған үкіметінің бұл мәлімдемесі жұма күні Британия премьер-министрі Гордон Браун Карзай үкіметін сыбайласқан жемқорлық үкіметі деп атаған соң айтылып отыр.

Бейсенбі күні БҰҰ-ның Ауғанстандағы арнайы өкілі Кэй Ейде елде әділетті жүйе қалыптастырып, жауапсыздықты құрту үшін жемқорлыққа қарсы күште күреске шақырған.
XS
SM
MD
LG