Accessibility links

Иран депутаты МАГАТЭ ұсынған ядролық жоспарды қабылдамай отыр


Бүгін Иран парламентариі ресми Теһранның ядролық жұмыстарын тоқтатуға бағытталған БҰҰ-ы агенттігінің ұсынысы бойынша төменгі байытылған уран қорын беруден гөрі басқа баламалы жолдарды қарастырып жатқандарын айтты.

Парламенттің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің басшысы Алаеддин Боружерди біз 20 пайыз отын алу үшін өзіміздің байытылған 1,200 килограмм уранымызды бергіміз келмейді деді.

Оның мәлімдемесі БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі өзінің ұсынысына Теһраннан ресми жауап күтіп отырған шақта айтылды.

Ол ұсыныста Иран өзінің уран қорын медициналық және зерттеуге пайдалану үшін жоғары деңгейде байытуға шетелге жіберуі керек, сонда бұл Батыстың Иран ядролық қару жасамақ деген қаупін азайтады делінген.
XS
SM
MD
LG