Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің бұрынғы кеңесшісі, жазушы, журналист Алпамыс Бектұрғанов аталған әкімге «жала жапқан» және «өзінің кітаптарын басып шығару үшін бюджет қаржысын заңсыз жұмсаған» деген айыптармен жауапқа тартылып, сот үкімі бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Алпамыс Бектұрғанов өзіне қарсы сот процесі мен одан кейінгі шығарылған үкімдерді әкім Бақтықожа Ізмұхамбетовті сынағаны үшін өзіне қолданылған саяси жазалау деп атайды. Қараша айында оны жалпы тәртіптегі РУ-170/2 колониясына ауыстырыпты. Ал өткен аптада оны қатардағы қылмыскерлер отырған жалпы бөлмеге орналастырған. Соның қарсаңында Азаттық тілшісі қамауда отырған Алпамыс Бектұрғановпен байланысып, одан сұхбат алған еді.
КІТАП ҚАҺАРМАНЫ
– Алпамыс мырза, әкім Ізмұхамбетовке бір табан жақын оппоненттеріңіз сіз туралы «әкім оны белді мемлекеттік лауазымды қызметке тағайындамай қойған соң өз бастығымен келіспей қалған» деген сөздер айтып жүр. Бұл ақпарат шындыққа қаншалықты жақын?
– Мен ұзақ жылдар бойы түрлі БАҚ-тарда жұмыс істедім: газеттің қатардағы редакторлығынан бастап телеарнаның директорлығы дәрежесіне дейін көтерілдім. Бірнеше жылдар бойы Жазушылар одағының аймақтағы бөлімшесіне де жетекшілік еттім. Зейнетке шығуыма да көп қалған жоқ. Сонда, қартайғанда «өнер» шығарып, қызметке ұмтылуым үлкен басыма жараспайтын әбестік болмай ма?
Мені аймақтың қазіргі ахуалы алаңдатады. Қазір бәрін тонап, тұралап жатқан салалар мен шаруашылықтарды талан-таражға салып бітті. Осы бассыздыққа тоқтам бола ма деп біреу айтар деп күттім. Бірақ, баяғы жартас – сол жартас. Ешкім де қыңқ етіп, үн шығарар емес, бәрі де үнсіз қалды. Сондықтан, өзімнің азаматтық пікірімді білдіріп, өңірімізде өршіп тұрған жағымсыз жайт туралы еліміздің басшылығына айтпақ болдым. Шамасы, президентке менің сөзім жетпеген тәрізді, немесе бәрін айтпай, жасырып бағуда.
– Сіз толық ақталуға қол жеткізгенше әлі де қимыл-әрекет жасамақшысыз ба?
– Әрине. Біз әлі қадағалау сатысынан өткеміз жоқ. Әйткенмен, біздің елде сот әділетті шешім қабылдайтындығына күмәнім бар. Әзірге, Ізмұхамбетов билік басында отырғанда мені ешбір сот ақтап шығармайды.
– Сөз арасында жаңа роман жазып жатқаныңызды айтып қалдыңыз. Шығарманың не туралы екенін айтып өтсеңіз?
– Иә, қазір мен «Бақ пен сор» атты роман жазып жатырмын. Бақыт дегеніміз – еліміз ұзақ жылдар аңсап күткен тәуелсіздік болатын, бірақ ол арман орындалмады, елдің қолы азаттыққа жетпеді. Керісінше, Қазақстан халқы қорлық көріп, жапа шегуде. Жең ұшынан жалғасқан шенеуніктердің кесірінен қайыршылық күйге түсті. Жаңа шығармамда осы туралы жазбақпын. Романға арқау етіп өзіміздің аймақты аламын, оқиғалар желісі ортасында өзім боламын. Менің не айтпақ болғанымды түсінген шығарсыз.
КЕШІРІМ СҰРАП БАСЫМДЫ ИМЕЙМІН
– Әкім Ізмұхамбетовпен ұстасып осындай араздыққа дейін барғаныңызға өкінбейсіз бе?
– Жоқ. Бұл – ардың ісі. Өз сөзімде соңына дейін тұрамын. Егер бұл туралы барлық жайтты президент Назарбаев білсе, онда темір тордың ар жағындағы менің орнымда Ізмұхамбетов отыратындығына сенімім кәміл.
– Ізмұхамбетовтың өз кеңесшісі Бектұрғановпен келіспей қалып, ақыры ұлан-асыр дауға ұласқаны туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бейхабар дегенге сенесіз бе?
– Мүмкін білетін де шығар, бірақ оған жеткізілетін ақпарат өңделіп, күзеліп, басқаша сипатта түрленіп беріледі ғой. Президентті алдап, шатыстырып жатқан секілді. Егер Нұрсұлтан Әбішұлы осы іс жайында шынайы ақпараттан хабардар болса, оның бұл іске әділ төрелік айтатынына сенімдімін.
– Алпамыс мырза, кешірім сұрап, қатеңізді мойындау туралы ойланып көрмедіңіз бе?
– Ешқандай, ешқашан! Жаздым-жаңылдым деп кешірім сұрайтындай кінәм мен күнәмнің жоқтығына, өзімнің адалдығыма сенімдімін, сондықтан, ешкімге жалынып бас имеймін.
– Сіз сотталғаннан кейін сізді Қазақстан жазушылар одағының қатарынан шығарып тастады. Қаламдастарыңыздың бұл әрекетін қалай бағалайсыз?
– Жазушы ең алдымен халықтың мұң-мұқтажын айтып, жоғын жоқтайтын адам болуы керек. Егер жазушылар қауымы халықтың мүддесін қорғамай, тек биліктің бишігін білегіне ілгендердің сөзін сөйлеп, солардың әніне салса, ондай жазушының құны көк тиын.
Менің қазіргі жағдайым дәл сондай болып отыр. Басыма іс түскенде мені қолдап, көмек көрсетудің орнына, Қазақстан жазушылар одағының жетекшісі биліктің ығына жығылып, жағымпаздық танытты. Бұл тәуелсіз жазушылар емес, сарай ақын-жазушыларының одағы екендігін тағы да бір рет дәлелдеді. Олардың ішінен тек бірен-сараны ғана маған қолдау көрсетті, осы батылдығы үшін мен оларға ризамын.
МЕН ОППОЗИЦИОНЕР ЕМЕСПІН
– Алпамыс мырза, сіздің бұл риторикаңыз тәуекелге бел буған радикалды оппозиционерді еске салады. Оппозицияға кету ойыңызда болған жоқ па?
– Жоқ, әзірге ондай ойым бола қойған жоқ. Бұл арада тағы да ескере кететін жайт, мен қазіргі билікке қарсы оппозиционер емеспін. Менің барлық қарсылығым тек әкім Бақтықожа Ізмұхамбетовке ғана бағытталған.
Мені тіпті «Нұр Отан» партиясынан да шығарып жіберіпті деп естіп жатырмын. Бұл үшін партияны кінәлаудың реті болмас. Өйткені, ондай шешімді қабылдауға әкім Ізмұхамбетовтың тікелей ықпалы болғанына сенімдімін. Қалай болған күнде де, мен президент Назарбаевтың жақтасы болып қала беремін.
– Алпамыс мырза, сұхбатыңыз үшін рақмет.
P.S. Өткен сенбі, желтоқсанның 5-күні Алпамыс Бектұрғанов түрменің жалпы бөліміне ауыстырылды. Бұл туралы оның адвокаты Хамит Ходжаназаров хабарлады. Оның айтуынша, Бектұрғановпен байланысуға рұқсат жоқ, ұялы телефонын тартып алған, ал түрме басшылығы оны жалпы бөлімге ауыстыруға не себеп болғанын түсіндіруден бас тартқан. Қазір бұл туралы шағым облыстық прокуратураға жолданыпты.