Наурыздың 10-күні Жаңаөзен қалалық соты «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшыларына қатысты шешім шығарды. Онда жұмысшылар наразылығы заңсыз деп танылып, оларға жалпы сомасы 707 теңге сот шығынын төлеу міндеттелгені хабарланған.
Бұған қоса сот шешімімен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамына да Қазақстан Республикасының еңбек кодексін бұзғаны жөнінде жеке ұйғарым кабылданған. Енді сот шешіміне сәйкес жұмысшылар жұмысқа шығуы тиіс деп хабарлады Азаттық раддиосына
Бұдан бір күн бұрын, наурыздың 9-күні «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері Дәулет Жұмаділ жұмыс беруші кәсіпорын ереуілге шыққан мұнайшылардың әрекетін заңсыз деп бағалауды сұрап сотқа бергенін хабарлаған еді.
– «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұнайшылармен салиқалы диалог жүргізуге тырысуда. Бірақ олар талап қоярдан бұрын өздерінің сенімді өкілдерін сайлап алуы керек еді. Сондықтан біз кіммен келіссөз жүргізуді де білмейміз. Сол себепті де жұмысшылардың әрекетін заңсыз деп бағалап, жұмыс беруші ретінде сотқа беруге құқылымыз, – деген болатын Дәулет Жұмаділ Азаттыққа айтқан түсініктемесінде.
ЕРЕУІЛШЛЕРДІҢ ТАЛАБЫ
Алайда Жаңаөзендегі автобекетке жиналған мұнайшылар әлі тарқамай тұр. Олар сәрсенбі күні шыққан сот шешімімен келіспейтіндіктерін айтып отыр.
– Жұмысшылар тиісті аймақтық коэффициенттің заңдастырылуын сұрап отыр. Себебі, олар экологиялық жағдайға байланысты міндетті өтемақыны тек Жаңаөзен емес, республикадағы өндірістік аймақтардың бәрі алуы керек деп санайды. Филиал басшылығының ауысуын, ереуілге қатысқан белсенділерді қудаламауын талап етуде, – деп хабарлады жұмысшлардың бірі Естай Қарашаев Азаттық тілшісіне.
Жұмысшылар өндірістің тоқтап қалуынан Қазақстан экономикасына келген шығын үшін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы мен филиал басшыларының тікелей кінәсі бар деп отыр.
Ал «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері Дәулет Жұмаділ аймақтық коэффициент жөніндегі жұмысшылардың талабын негізсіз деп санайды.
ДАУ ТУҒЫЗҒАН КОЭФФИЦИЕНТ
– Аймақтық коэффициентті заңдастыру еңбек кодексінде жоқ болғандықтан ол жалақыға қосылып отыр. Ал жаңаөзендіктер оны бүкіл Қазақстанға ортақ болсын деп еңбек кодексіне кіргізуді талап етеді. Бұл талаптардың заңды негізі болуы тиіс. Ал мұнайшылардың қойып отырған талаптары негізсіз, – деді Дәулет Жұмаділ.
Оның айтуынша, мұнайшылар ереуілге шыққанымен «Өзенмұнайгаз» мұнай өндіруді тоқтатқан жоқ. Мұнайдың үзіліссіз өндірілуін қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық қызметкерлер жұмыс істеп жатыр дейді ол.
Сондай-ақ, Дәулет Жұмаділ «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы активтерін Қытайға сату жөніндегі мәселені
– «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының 37 пайыз акциясы еркін айналымда болғандықтан оның бір бөлігін республикадағы кейбір зейнетақы қорлары иеленді. Ал қалған бөлігін кез-келген елдегі инвесторлар сатып ала алады, – деді Дәулет Жұмаділ Азаттық тілшісіне.
Жаңаөзендегі жұмысшылар ереуілі наурыздың 1-күні басталған. Ал наурыздың 4-нен бастап олар «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының жұмысын тоқтатып, жалақыны кемітетін өзгерістерге қарсылық білдіріп, компания басшылығын ауыстыруды, оны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тікелей бағынатын акционерлік қоғам етуді және аймақтық коэффициентті заңдастыруды талап еткен болатын. Бұған қоса олар компания активтерінің Қытайға сатылуы туралы әңгіменің мән-жайын ашық баяндауды да сұраған еді.
ӨТКЕН ЖЫЛҒЫ НАРАЗЫЛЫҚ
Әлеуметтік және еңбек жағдайына байланысты жұмысшылар наразылығы Жаңаөзенде былтырғы жылы да бірнеше мәрте бас көтерген-ді.
Өткен жылғы наурыз айында «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы құрамындағы «Бұрғылау» серіктестігінің 14 жұмысшысы аштық жариялаған-тұғын. Олар да жалақыларын мерзімінде төлеуді және жұмыс орнын сақтауды талап еткен еді.
Ал былтырғы қарашаның 15-де «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының құрамындағы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының 30 жұмысшысы жалақы деңгейі мен жұмыс жағдайына байланысты бірнеше талаптар қойып, аштық жариялаған болатын. Олар қойған талаптың ішінде Жаңаөзен қаласының әкімін ауыстыру да бар еді. Кейін қала әкіміне, сондай-ақ филиалға жаңа басшылар тағайындалған еді.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы 2004 жылы «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамдарын біріктіру нәтижесінде құрылған.
Маңғыстау және Атырау облыстарындағы 44 мұнай-газ кеніштері осы компанияның активтері болып саналады. Оның акционерлері: «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының иелігінде – 61,4 пайыз, ал Қытай мемлекеттік корпорациясы China Investment Corp (CIC) иелігінде – 11 пайыз акциялар бар.
Бұған қоса сот шешімімен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамына да Қазақстан Республикасының еңбек кодексін бұзғаны жөнінде жеке ұйғарым кабылданған. Енді сот шешіміне сәйкес жұмысшылар жұмысқа шығуы тиіс деп хабарлады Азаттық раддиосына
«Өзенмұнайгаздың» бөлімшесі «Жөндеу» серіктестігі кәсіподақ ұйымының төрағасы Ықылас Шаңгереев. Жаңаөзен, тамыз, 2009 жыл.
«Жөндеу» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы Ықылас Шаңгереев.Бұдан бір күн бұрын, наурыздың 9-күні «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері Дәулет Жұмаділ жұмыс беруші кәсіпорын ереуілге шыққан мұнайшылардың әрекетін заңсыз деп бағалауды сұрап сотқа бергенін хабарлаған еді.
– «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұнайшылармен салиқалы диалог жүргізуге тырысуда. Бірақ олар талап қоярдан бұрын өздерінің сенімді өкілдерін сайлап алуы керек еді. Сондықтан біз кіммен келіссөз жүргізуді де білмейміз. Сол себепті де жұмысшылардың әрекетін заңсыз деп бағалап, жұмыс беруші ретінде сотқа беруге құқылымыз, – деген болатын Дәулет Жұмаділ Азаттыққа айтқан түсініктемесінде.
ЕРЕУІЛШЛЕРДІҢ ТАЛАБЫ
Алайда Жаңаөзендегі автобекетке жиналған мұнайшылар әлі тарқамай тұр. Олар сәрсенбі күні шыққан сот шешімімен келіспейтіндіктерін айтып отыр.
– Жұмысшылар тиісті аймақтық коэффициенттің заңдастырылуын сұрап отыр. Себебі, олар экологиялық жағдайға байланысты міндетті өтемақыны тек Жаңаөзен емес, республикадағы өндірістік аймақтардың бәрі алуы керек деп санайды. Филиал басшылығының ауысуын, ереуілге қатысқан белсенділерді қудаламауын талап етуде, – деп хабарлады жұмысшлардың бірі Естай Қарашаев Азаттық тілшісіне.
Жұмысшылар өндірістің тоқтап қалуынан Қазақстан экономикасына келген шығын үшін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы мен филиал басшыларының тікелей кінәсі бар деп отыр.
Ал «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері Дәулет Жұмаділ аймақтық коэффициент жөніндегі жұмысшылардың талабын негізсіз деп санайды.
ДАУ ТУҒЫЗҒАН КОЭФФИЦИЕНТ
– Аймақтық коэффициентті заңдастыру еңбек кодексінде жоқ болғандықтан ол жалақыға қосылып отыр. Ал жаңаөзендіктер оны бүкіл Қазақстанға ортақ болсын деп еңбек кодексіне кіргізуді талап етеді. Бұл талаптардың заңды негізі болуы тиіс. Ал мұнайшылардың қойып отырған талаптары негізсіз, – деді Дәулет Жұмаділ.
Оның айтуынша, мұнайшылар ереуілге шыққанымен «Өзенмұнайгаз» мұнай өндіруді тоқтатқан жоқ. Мұнайдың үзіліссіз өндірілуін қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық қызметкерлер жұмыс істеп жатыр дейді ол.
Сондай-ақ, Дәулет Жұмаділ «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы активтерін Қытайға сату жөніндегі мәселені
Жалақыға қосымша төленетін аймақтық коэффициентті қалдыруды талап етіп ереуілге шыққан «Өзенмұнайгаз» жұмысшылары. Жаңаөзен, Маңғыстау облысы. 4 наурыз 2010 жыл. Жеке мұрағаттағы сурет.
«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы күн тәртібіне еш уақытта шығармағанын айтады. Ол «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының активтері қытайларға сатылады деген алып-қашпа әңгімені кейбір бүлдіргіш күштердің әдейі таратқан ақпараты дегенді айтты.– «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының 37 пайыз акциясы еркін айналымда болғандықтан оның бір бөлігін республикадағы кейбір зейнетақы қорлары иеленді. Ал қалған бөлігін кез-келген елдегі инвесторлар сатып ала алады, – деді Дәулет Жұмаділ Азаттық тілшісіне.