Ауғанстан президенті Хамид Карзай үкіметтік делегациясын бастап Бейжіңге сапармен барды. Қытайға сапарында ауған үкіметінің министрлері табиғи газ кенішін дамыту мәселесін талқылайтын болады.
Азаттықтың ауған қызметінің хабарлауынша, Ауғанстанның солтүстік-батысындағы провинцияларда дамытуды қажет ететін 11 табиғи газ кеніші бар. Бұл газ кеніштерін дамытуды қолға алу үшін халықаралық тендер жарияланған.
Ауған президентінің кеңсесі хабарлағандай, Карзай Бейжіңмен сауда байланыстарын дамыту жөнінде келісімдерге қол қояды.