Қазақстан ресмилеріне 10 миллион доллар пара берді деген айыппен істі болған АҚШ азаматы Джеймс Гиффеннің сот процесі аяқталды. Жұма күні Нью-Йорктегі АҚШ федералды сотында Гиффен шетелдегі есепшоты туралы ақпаратты жасырып, салықтан жалтарды деп танылған.
Ассошэйтед пресс агенттігінің жазуынша, Гиффенге 1 жылдай түрме жазасы беріліп, 25 мың доллар айыппұл салынуы мүмкін. Сонымен қоса, Гиффеннің Mercator корпорациясы 1999 жылы жаңа жылға сыйлық ретінде Қазақстанға құны 16 мың доллар тұратын қарда жүргіш екі шана сыйлап, АҚШ-тың коррупцияға қарсы заңын бұзды деп айыпталды.
АҚШ прокурорлары осыған дейін Джеймс Гиффен мен оның компаниясы Қазақстанда мұнай саласындағы келісімдер жасауда миллиондаған доллар қаржыны жымқырды деп айыптаған. Кейін ол айыптаулар алынып тасталды.