Accessibility links

Азаттық тілшілері СБИ-ның мәртебелі сыйлығын алды


Азаттық радиосының тілшілері Соғыс және бейбітшілік институтының мәртебелі сыйлығын алды. Сыйлықты тапсыру жұма күні Бішкекте болып өтті.

Орта Азияның белгілі деген 15 құқық қорғаушысы мен баспасөз сарапшысынан құрылған төралқа түрлі байқау бойынша берілген 100-ден астам өтініштің ішінен 15 жүлде иесін іріктеп алды.

Жеңімпаздар сөз бостандығының белгісі болып табылатын қанат бейнеленген қола мүсінмен, Еуропа Комиссиясының, адамның құқы бойынша БҰҰ Жоғарғы Комиссариаты басқармасының дипломдарымен марапатталды.

Азаттық тілшілері Жасұлан Көжеков пен Ділбегім Мавлоний 300 доллардан ақшалай сыйлық алды.

Сыйлықты БҰҰ Жоғарғы Комиссариатының Орта Азия аймақтық өкілі Фиона Фрейзер, Соғыс және бейбітшілік институтының аймақтық директоры Абохон Сұлтоназаров және төралқа мүшесі Шамарал Майшиев табыс етті.
XS
SM
MD
LG