Accessibility links

Еуропа Одағы Беларуске қарсы санкцияларды кеңейтті


Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Брюссельде кездесіп жатыр. 23 мамыр. 2011 жыл
Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Брюссельде кездесіп жатыр. 23 мамыр. 2011 жыл
Еуропа Одағының Брюссельде кездесіп жатқан сыртқы істер министрлері Беларусь билігінің қарсыластарын күшпен басып жатқанына байланысты үкімет өкілдеріне қарсы санкцияларды кеңейтіп отыр.

Еуропа Одағы осыған дейін санкцияға іліккен президент Александр Лукашенко бастаған 170-тей ресми өкілдің қатарына тағы 13 адамның тізімін енгізді. Оларға Еуропа кеңістігіне кіруге тыйым салынып, есеп-шоттары тәркіленді.

Еуро Одақтың санкцияларды кеңейтуі Беларусь билігі оппозициялық саясаткерлерді шетінен түрмеге жауып жатқан тұста болып отыр. Минскіде желтоқсан айындағы президенттік сайлауда Лукашенконың жеңісін мойындамай, наразылық шеруіне шыққан оппозиция жетекшілері мен белсенділерінің соты жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG