Accessibility links

Йемендегі Таиз қаласында шеруге шыққан 20 адам мерт болды


Таиз қаласындағы шеруде жараланған адамды жолдасы әкетіп барады.
Таиз қаласындағы шеруде жараланған адамды жолдасы әкетіп барады.
Йемендегі Таиз қаласында бүгін оппозиция лагерін тарату кезінде кемінде 20 адам қаза болған. Бұл қалада үкіметке қарсы наразылық шеруі төрт ай бойы жалғасып жатыр.

Елдің оңтүстігіндегі Зинджибар қаласына жақын маңда бүгін тұтқиылдан жасалған шабуылдан үкімет армиясының төрт сарбазы қаза болып, бірнеше адам жараланған.

Жексенбі күні бірқатар әскерилер елді отыз жылдан астам үздіксіз басқарып отырған президент Әли Абдолла Салехтің биліктен кетуін талап еткендерге қосылды.

Билік Зинджибар қаласын исламшыл экстремист бүлікшілер басып алды деп мәлімдеді. Оппозиция президент Әли Абдолла Салехті қаланы қарулы топқа әдейі беріп, бұл іске «әл-Каиданың» қатысы бар деп көрсеткісі келеді деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG