Accessibility links

Йемендегі Таиз қаласында қақтығыстарда қаза болғандар саны 50 адамға жетті


Таиз қаласындағы шеруде жараланған адамды жолдасы әкетіп барады. 29 мамыр 2011 ж.
Таиз қаласындағы шеруде жараланған адамды жолдасы әкетіп барады. 29 мамыр 2011 ж.
Йемендегі Таиз қаласында үкіметке қарсы шеруге шыққандар мен билік күштері арасында соңғы екі күндегі қақтығыстарда қаза болғандар саны 50 адамға жетті.

Бұл туралы бүгін Біріккен Ұлтттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі басқармасы хабарлады.

Таиздағы халық наразылығы Йемен президенті Әли Абдолла Салех билікті бейбіт жолмен тапсырудан кезекті мәрте бас тартқан соң күшейіп кеткен еді.

Елдің оңтүстігіндегі тағы бір аймақта жағдай шиеленісіп отыр. Өткен тәулікте Зинждибар қаласына үкімет күштері әуеден соққы берген болатын. Ол қала исламшыл радикал күштердің қолында деп хабарланды. Соңғы үш күнде қала үшін болған ұрыстарда шамамен 30 адам өлген.

Йеменді отыз жылдан астам уақыт үздіксіз басқарып келе жатқан президент Салехтің биліктен кетуін талап еткен халық наразылығы осыдан төрт айға жуық уақыт бұрын басталған еді. Содан бері елде кемінде 320 адам мерт болды.
XS
SM
MD
LG