Accessibility links

Йемен әуе күштері Зинджибар қаласын бомбалады


Үкіметке қарсы наразылық шеруі. Ибб қаласы, Йемен, 30 мамыр 2011 жыл.
Үкіметке қарсы наразылық шеруі. Ибб қаласы, Йемен, 30 мамыр 2011 жыл.
Бүгін Йемен әскери әуе күштері елдің оңтүстігіндегі Зинджибар қаласына соққы берді. Өткен аптада қаланы қарулы топ басып алғаны хабарланған еді.

Қазір ол қаланы қайтарып алу үшін үкімет күштері ұрыс жүргізіп жатыр. Соңғы үш күнде бұл қалада қаза болған адам саны 30-дан асқаны туралы деректер айтылып отыр.

Сондай-ақ бүгін елдің оңтүстігіндегі тағы бір қала - Таизда оппозиция лагерін тарату кезінде кемінде 20 адам қаза болған. Бұл қалада үкіметке қарсы наразылық шеруі төрт ай бойы жалғасып жатыр.

Жексенбі күні бірқатар әскерилер елді отыз жылдан астам үздіксіз басқарып отырған президент Әли Абдолла Салехтің биліктен кетуін талап еткендерге қосылатынын мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG