Алатаудың алақанында тербелген ару Алматы – армандардың тоғысатын мекені. Жыл сайын білім бұлағына шөлдеп келген сансыз студенттерді жылы құшақпен қарсы алып, қиялдарына қанат бітіріп жатады.
Себебі Алматы – сапалы білім мен алтын мәдениеттің қайнап жатқан ошағы. Статистика агенттігінің дерегінше, қазір елімізде 148 ЖОО бар, оның 52-сі Алматыда орын тепкен. Сол оқу ордаларында мыңдаған студент жастар ата-ананың үмітін ақтау үшін, еліміздің егемендігін сақтау үшін, болашақтың босағасын нық сеніммен аттау үшін білім нәрімен сусындап жүрген жайы бар. Жаздың соңы мен күздің алғашқы айында Алматы шаһары білім жәрмеңкесін ұйымдастырады. Еліміздің түкпір-түкпірінен өмір мектебіне қадам басқан жас дарындар сенім жүгін арқалап келіп жатады. Алматы көшелері сол мезетте салтанатты сән көрмесіне айналып шыға келеді. Жарқылдап жанған жастықтың, шырқырап шыққан шаттықтың айқын белгілері олардың жарық жүздерінен сезіліп тұрады. Мәрт Алатау, бұл тамаша көріністердің бәріне сен куәгерсің!
Құстай зымырап шыққан қайран күндер! Маужыраған маусымның ыстығын-ай! Сәлем, Алматы! Неге үнсізсің, неге көңілсізсің бүгін?! Жыл бойы жалғасқан қызықтан, той-думандардан шаршадың ба әлде?! Кәне, айтшы маған, өтінемін. Ешкімге айтпаймын, Қарт Алатау, куә!
Сол уақытта бір топ студент сөмкелерін арқалап, вокзал жаққа кетіп бара жатқан еді..