Accessibility links

Түркия іздеуде жүрген өзбек азаматтарын ұстау шараларын күшейтеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Кейінгі жылдары Өзбекстанның сот және тергеу органдарынан қашып, Түркияда жасырынып жүрген өзбек азаматтары көбейді. Өзбекстанның Стамбулдағы бас консулдығы таратқан хабарламада осылай жазылған.

2024 жылдың алғашқы он айында 37 айыпталушы ұсталған, олар жауаптан жалтару үшін жылдар бойы Түркияны паналаған.

Бас консулдық мәліметінше, олардың істері сотқа берілген.

"Әрі қарай іздеудегі азаматтарды ұстау шаралары күшейеді, қылмыспен күрес ымырасыз жалғаса бермек, ал қылмыс үшін жауап беру принципі қатаң сақталады" деп жазылған консулдық хабарламасында.

Консулдық сонымен бірге іздеуде жүрген азаматтарды "Өзбекстанның дипломатиялық өкілдіктеріне баруға" шақырып, "сот процесі немесе тергеу барысында заңды қорғау тетігін пайдалануы үшін олардың Өзбекстанның құқық қорғау органдарына" жүгінгені абзал деп кеңес береді.

Бұған дейін Азаттықтың Өзбек қызметі биыл 12 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Түркия сыртқы істер министрі Хауан Фидан, Түркия ұлттық барлау қызметінің директоры Ибрахим Калым, Түркия ішкі істер министрі Әли Ерлікай бастаған түрік делегаттарын қабылдағанын жазған. Соның нәтижесінде Ташкент пен Анкараның ресми тұлғалары екі елдің құқық қорғау органдары қатынасын институциялау және шешілмеген құқықтық мәселені реттеу туралы келісімге қол қойды.

XS
SM
MD
LG