Қазақстан Америка ұлттық қауіпсіздік министрлігінің "терроризм қаупі бар" бар елдер" тізіміне енгеніне алаңдаушылық білдірді.
Бұл турасында Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров хабарлады. Айтуынша, Қазақстан бұл мәселеге терең түсінбеушілікпен және кәдімгідей алаңдаушылықпен қарап отыр.
Омаров Қазақстанның мұндай елдердің тізімі қандай критерийлер бойынша жасалатындығын білуге мүдделі екенін айтты. «Болған жағдай Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікке түбірімен қайшы келеді. Біз америкалық серіктестердің оны түзеуге жедел шара қабылдауын күтеміз",-деді Омаров.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы бұл күндері Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасында консулдық кеңес өтіп жатқанынан хабардар етті. Осы ретте министрліктің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев мемлекеттік департаменттің жоғары дәрежелі басшыларымен кездесіп, Қазақстанның тізімге қатысты ұстанымын "анық жеткізген".
ЕurasiaView басылымы АҚШ иммиграциялық қызметінің Орталық Азиядан Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстанды "терроризм қаупі бар" елдер тізіміне енгізгенін жариялаған еді