Адам құқықтары бойынша Еуропа сотының шешіміне сәйкес, Ресей үкіметі "Юкос" мұнай компаниясына қарсы сот процесінде бірнеше заңбұзушылық жасаған. Алайда сот "үкімет "Юкосты" әдейі жоймақшы болды" деген айыпты жоққа шығарды.
Адам құқықтары бойынша Еуропа соты аталмыш компанияның бұрынғы басшылығы талап еткен өтемақы мәселесіне қатысты шешім шығармады.
Сотқа тартылған "Юкос" компаниясының жұмысы 2007 жылы тоқтатылған болатын.
Оның бұрынғы басшылары еуропалық сотқа тапсырған арыздарында Владимир Путин жетекшілік еткен Ресей үкіметі салық мәселесіне қатысты "Юкосты" әділетсіз сотқа тартты деген еді. "Юкос" менеджменті үкіметтен 98 миллиард АҚШ доллары көлемінде өтемақы өндіріп алмақшы болған.
Бұл компанияның бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский Ресейде "алаяқтық жасады және салық төлеуден бас тартты" деген айыппен қамауда отыр.
Ходорковскийдің қолдаушылары ол Путинге саяси қауіп төндіргендіктен қудаланды дейді.