Accessibility links

Бейшаралық


Иесімен бірге қыдырып жүрген ит. (Көрнекі сурет)
Иесімен бірге қыдырып жүрген ит. (Көрнекі сурет)
Фурманов көшесін нысана етіп, Қарасай батыр көшесін бойлап жүрсеңіз, Наурызбай батыр атындағы көшеге жетер-жетпесте маңдайыңыз Виноградовтың қасқайып тұрған тас мүсініне тіреледі. Ескерткіштің айналасындағы шағын алаңқайда ит жетектеп, қыдырыстап жүрген матушкаларға да көзіңіз түсері хақ.

Менің айтпағым бұл емес негізінен. Менің айтпағым – ескерткіш тұрған жерден Желтоқсан көшесіне дейінгі аралықтың осы күнге дейін Виноградов аталып тұрғаны. Сеңбесеңіз, барып көріңіз: үйлердің қабырғасындағы көше аты әлі күнге дейін сол қалпында. Әйтпесе басқа тұстарының Қарасай батыр атанғанына 15 жыл болыпты.

Бәлкім, біреулер «жарайды, байқамай қалып қойған шығар» дер. Мен де солай ойлағанмын. Бірақ «Неге именно ескерткіш тұрған жердің айналасы ұмыт қалды?» деген сауал көкейімнен кетпей қойды.

Айтпақшы, осыдан төрт жыл бұрын Қазақ радиосында істеп жүрген кезімде осы мәселені тікелей эфирден көтерген де болатынмын. Қалалық тіл басқармасынан келген өкіл бір аптаның ішінде қалпына келтіретінін айтқан.

Жақында сол маңнан тағы да өтіп бара жатып, әлгі таза ауа жұтып жүрген матушкалардың бірінен:

– Мына көше қалай аталады? – деп сұрап едім:

– Көрмей тұрсың ба? Жазулы тұр ғой! – деп өзіме дүрсе қоя берді.

Жаман кемпірдің алдында жанарымды жерден ала алмай, жылыстай бердім. Бейшара екенімді сонда сездім.
XS
SM
MD
LG