АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның мәлімдеуінше, АҚШ Пәкістаннан ауған бүлікшілеріне қауіпсіз пана беруден бас тартуын күтеді. Аймақтағы тұрақтылық үшін Пәкістанның мықты болуы маңызды дейді Клинтон.
Бүгін Исламабадта мәлімдеме жасаған АҚШ мемлекеттік хатшысы "коалиция мен ауған күштері Ауғанстандағы "Талибанға" қысымын күшейтіп жатыр" деді.
Жұма күні Хиллари Клинтон Пәкістан жетекшілерімен кездесті. Оның аймаққа сапарының мақсаты - исламшыл бүлікшілермен күрестегі ынтымақтастықты нығайту. Клинтон Исламабадқа Ауғанстан президенті Хамид Карзаймен Кабулдағы кездесуінен кейін барып отыр.