Accessibility links

Түркияда қуатты жерсілкінісі болды


Түркияның Ван аймағын осыған дейін қиратқан зілзала салдары. 23 наурыз. 2011
Түркияның Ван аймағын осыған дейін қиратқан зілзала салдары. 23 наурыз. 2011
Түркияның Иранмен шекаралас шығысында қатты жерсілкінісі тіркелді. АҚШ-тың Геологиялық орталығы зілзала қуаты рихтер бағамы бойынша 7,3 балл деңгейінде Ван қаласы маңында болды деді.

Алдыңғы мәліметтерге қарағанда, Ван орталығында бірнеше ғимарат қираған. "Анадолы" ақпарат агенттігі кемінде 50 шақты адам ауруханаға әкетілді деп хабарлады.

Стамбулдағы Кандилли сейсмологиялық орталығының директоры Мустафа Ердик журналистерге берген сұқбатында, жерсілкінісінен қаза тапқандар саны 500 бен 1000 аралығында болуы мүмкін деген.

Армения астанасы Ереван тұрғындары да жерсілкінісінің қатты дүмпуін сезініп, көшеге шыққандарын айтып жатыр. Армения билігі елде тіркелген жерсілкінісінің күші 5-6 балл деңгейінде болды деді.
XS
SM
MD
LG