Accessibility links

«Әлеуметтік-саяси тұрақты» Қазақстанда жарылыстар тұрақты құбылысқа айналды


Атыста оққа ұшқан адам. Тараз, 12 қараша 2011 жыл.
Атыста оққа ұшқан адам. Тараз, 12 қараша 2011 жыл.

Тараздағы шабуылды билікті жақтайтын саясаткерлер «елдегі тұрақтылықты көре алмайтындардың ісіне» баласа, оппозиция өкілдері әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздік меңдеген қоғамдағы билікке қарсы көңіл-күй деп санап, құқық қорғау органдарының ісін сынайды.


Қарашаның 12-сі күні Тараз қаласында болған атыстар мен жарылыс салдарынан 8 адам - атысты бастаған кісі, ҰҚК-нің 2 қызметкері, 3 полицей, қару-жарақ дүкенінің күзетшісі, кездейсоқ оққа ұшқан тұрғын (ол бүгін ауруханада қайтыс болды) қаза тапты.

Прокуратура бұл қылмыстарды 1977 жылы туған, «жихадшылар идеясын ұстанатын» Кариев деген азамат жасаған және ол қолға түскісі келмей, өзін-өзі жарып жіберген деп мәлімдеді.

Тараздағы жарылысты да «Халифат сарбаздары» атты ұйым өз мойнына алғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ұйым қазанның 31-і күні Атырауда болған жарылысты да өз мойнына алған еді. Қазақстан бас прокуратурасы да Атыраудағы жарылысқа осы ұйымның қатысы барын растаған.

Тараздағы оқиғаның бұған дейінгі жарылыстар мен адам өлімдерінен айырмашылығы неде? «Қазақстанда саяси-әлеуметтік тұрақтылық орнаған» деген ресми концепцияны бұл жарылыстар жоққа шығармай ма? Соңғы қарулы шабуылдардың көпшілігі неліктен күштік құрылымдарға қарсы жасалып жатыр? Қазақ полициясы мен ұлттық қауіпсіздік қызметі өкілдерінің биылғы жарылыстар мен шабуылдарға қатысты ұстанған әдіс-амалдары қандай?

Азаттық радиосы осы сауалдарды Қазақстанның бірқатар саясаткерлеріне қойған еді.

«ӘДІЛЕТСІЗДІК ҚАРСЫЛЫҚ ТУҒЫЗАДЫ»

Саясаткер Жасарал Қуанышәлин Тараздағы жарылыстың бұған дейінгі жарылыстардан айырмашылығы - «адам өлімінің көп болғандығы» деп біледі.

– Бұл мақсатты түрде, алдын-ала дайындалған тірлік болып көрінеді, – дейді ол.

Саясаткер Жасарал Қуанышәлиннің терактілерге қатысты пікірі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:14 0:00
Жүктеп алу


Мұндай әрекеттер Қазақстанда жиілеп, бір қалыпты жағдайға айналып бара
«Жаса, Азаттық!» қоғамдық ұйымының төрағасы Жасарал Қуанышәлин. Алматы, 28 желтоқсан 2010 жыл.
«Жаса, Азаттық!» қоғамдық ұйымының төрағасы Жасарал Қуанышәлин. Алматы, 28 желтоқсан 2010 жыл.
жатыр деген саясаткер мұның алдын алмаса, «соңы өте жаман болуы мүмкін» дейді. Ал жарылыстардың көпшілігі күштік құрылымдарға, әсіресе ҰҚК-ге қарсы жасалып жатқандығы билікке қарсы наразалықтың нышаны деп біледі.

– Қазіргі биліктің саясаты еш сын көтермейді. Бұл жарылыстар террорлық сипатта болғанымен, әлеуметтік тұрғыда ашынған адам неге де болса баратыны белгілі. Қайыршылыққа барған адамдар не өзін өзі өлтіреді, не өзімен бірге өзіне қиянат жасаған билік өкілдерін «жастана кетейін» деген әрекетке барады. Ақтөбедегі де, Тараздағы да осындай әрекеттердің көрінісі, – дейді Жасарал Қуанышәлин.

«Бұл қарулы шабуылдар мен жарылыстар кезіндегі қазақ полициясының іс-әрекеті сын көтермейді. Күш көрсетіп, атыспен мәселе шешілмейтіндігін күштік құрылымдар түсінуі керек» дейді саясаткер.

ПЕРУАШЕВ ҰҚК ЖҰМЫСЫН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАЙДЫ

«Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашевтің пікірінше, елдегі жарылыстардың бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ.

– Атырауда, не болмаса Таразда болған оқиғалардың барлығы – лаңкестік әрекеттер. Бұл - біздің мемлекетімізге қарсы қадамдар, – дейді Азат Перуашев.

«Ал жарылыстар неге негізінен күштік құрылымдарға қарсы жасалып
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев. Алматы, 15 қазан 2011 ж.
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев. Алматы, 15 қазан 2011 ж.
жатыр?» деген Азаттық тілшісінің сұрағына Перуашев мырза:

– Мемлекеттік қызметкерлерге шабуыл жасау арқылы қарапайым халыққа сес көрсетеміз деп ойлайтын болуы керек, – деп жауап берді.

Ол жарылыстарда дер кезінде әрекет еткен күштік құрылымдар мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысын жоғары деп бағалады.

– ҰҚК жұмысы көзге көрінбейтін жұмыс, сондықтан көп нәрсе біле алмаймыз. Олар енді құпия түрде өткізеді ғой. Бірақ нәтижесі бойынша білуіміз керек деп ойлаймын. Бәрімізге белгілі, Атырауда жарылыс болғаннан кейін... осындай шараларға дайындалған, не оны үйымдастырған біраз азаматтар ұсталды. Одан да үлкен лаңкестік шаралардан бізді құтқарып қалған шығар. Жалпы, ҰҚК-нің жұмысының жақсы-жаманын біздің өміріміз көрсетіп отыр. Құдайға шүкір, Қазақстан жерінде Дағыстан не болмаса Шешенстандағыдай терроризм соғысқа айналған жоқ. Бұл осы органдардың жұмысы, – дейді Азат Перуашев.

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтың пікірі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:05 0:00
Жүктеп алу


Ал қазақ полициясы мен ұлттық қауіпсіздік қызметі өкілдерінің жарылыстар мен шабуылдарға қатысты ұстанған әдістеріне «түсіністікпен қарау керек, себебі оларда тиісті тәжірибе жоқ» деп түсіндірді Перуашев.

«ҰҚК ОППОЗИЦИЯҒА ҒАНА МЫҚТЫ»

Ал ресми тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік қызметінің іс-әрекеттерін сынға алады.

– Қазір бізге қарсы әлемді қорқытып отырған «Талибан» немесе әккіленген террористер шығып жатқан жоқ. Соның өзінде біздің ҰҚК қарсы тұра алмайды. Қаншама қызметкерлерінен айырылып отыр. Неге? Біздің ҰҚК трайбализмге белшесінен батқан, жемқорлық пен параға семіріп алған. ҰҚК-де қызмет ететін адамның бойынша патриотизм деген қасиет болуы
Владимир Козлов, тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі. Алматы, 29 желтоқсан 2010 жыл.
Владимир Козлов, тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі. Алматы, 29 желтоқсан 2010 жыл.
керек. Ал біздегі ақшаға сатылатын күштік құралымдарда бұл қасиет мүлдем жоқ. «Ешнәрсе істеудің қажеті жоқ, тек бастықтың көңілін тапсаң болғаны» деп ойлайды. Мұның барлығы Алтынбек Сәрсенбайұлының, Заманбек Нұрқаділовтың өлімдері кезінде байқалған болатын, – дейді Владимир Козлов.

Ол Тараздағы жарылысқа қатысты әртүрлі ақпарат тарап жатқандығын да күш құрылымдары қызметінің олқылығы деп біледі.

– Мен Googlе арқылы Тараз тұрғындарының бірі жасаған картаны көрдім. Онда ресми орган айтқан нұсқаның болуы мүмкін еместігі көрсетілген. Мәселен, ресми түрде екі қызметкерді өлтірген, қарақшылық жасаған, одан кейін дүкен тонап, ақыры жарылып өлген адам - біреу ғана. Осының барлығын ол 2 сағаттың ішінде «тындырған». Оқиға қаланың түрлі аудандарында болғандығын ескерсек, бұл өте аз уақыт. Тараздықтардың сөзінше, бұл іске 5-6 адамның қатысы бар болуы мүмкін, – дейді Владимир Козлов.

Оның сөзінше, «тіпті бір жігіт 7 адамды, оның ішінде 5 полицейді өлтірді деген ресми ақпараттың өзі күш құрылымдарының ешнәрсеге қауқарсыз екендігін көрсетеді» екен.

– ҰҚК елге қауіп төндіретін қылмыскерлерді, террористерді ұстаумен айналысуы керек. Ал қазір олардың күші біз сияқты оппозиция өкілдерінің соңынан «шемішке шағып», аңдуға ғана жетеді, – деді Владимир Козлов.

«БҰЛ - КӨРЕ АЛМАУШЫЛАРДЫҢ ІСІ»

Ал Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов бұл жарылыстарды "Қазақстанды көре алмаушылардың ісі" деп қабылдайды.

– Бұл біздің татулығымызды, ауызбіршілігімізді, мемлекетіміздің даму деңгейін көре алмау, арандату мақсатында жасалып отырған іс деп ойлаймын. Бізде тұрақтылық бар, экономикалық жағдайымыз бар. Аллаға шүкір, бізде жетістіктер бар. Бұл - көре алмаушылық және бұл бізге сырттан
Парламент депутаты Мұрат Әбенов. Алматы, 31 наурыз 2011 ж.
Парламент депутаты Мұрат Әбенов. Алматы, 31 наурыз 2011 ж.
келіп жатқан нәрсе, – дейді депутат.

Ол да құқық қорғау қызметкерлеріне қарсы жасалып жатқан шабуылдарды «өзгелерді қорқыту әрекеті» деп біледі. Сондықтан, оның сөзінше, «бұл істе жекелеген күш құрылымдарды сынамай, қоғам болып қарсы тұру керек».

– Мемлекеттің де, оның ішіндегі біздің барлығымыздың басымызға түскен алғашқы жайт. Қайсымыздың болсын тәжірибеміз жоқ. Құқық органдары қызметкерлері қанша теорияны үйренгенімен, іс жүзіне келгенде басқаша болады. Болған оқиғалардан байқасаңыздар, біздің құқық органдарымыздың қызметкерлері қажет болатын болса, батырлық танытып, өлімге барса да, қылмысты тоқтатуға дайын болып шықты, – дейді Мұрат Әбенов.

Парламент мәжілісінің депутаты Мұрат Әбеновтың пікірі
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:39 0:00
Жүктеп алу


Оның пікірінше, бұл істе «арандатушылыққа жол бермей, ауызбіршілікті сақтап қалу маңызды» болмақ.

«НАЗАРБАЕВТЫҢ 20 ЖЫЛДЫҚ БИЛІГІНІҢ НӘТИЖЕСІ»

Саясаткер Әміржан Қосанов осы күні халық арасында қорқыныш, үрей басым болып тұр дегенді айтады.

– Мен қазір жеке шаруаларыммен Қызылордада жүрмін, мұнда халық қатты қорқып отыр, – дейді Әміржан Қосанов.

Таразда атыстар мен жарылыс болған қарашаның 12-сі күні шетелде қуғында жүрген қазақ бизнесмені Мұхтар Әблязов интернет арқылы Қазақстан халқына үндеу жасады.

Мұхтар Әблязов Тараздағы оқиғаны «Нұрсұлтан Назарбаевтың 20 жылдық билігінің нәтижесі болды», «Назарбаевтың арқасында Қазақстан қоғамында тұрақтылық орнап, гүлденіп келе жатқаны туралы аңыздың быт-шыты шықты» деп мәлімдеді.

Ол Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің тағдырын мысалға келтіріп, Нұрсұлтан Назарбаевты биліктен кетуге шақырды.

Тараздағы оқиға туралы YouTube-те жарияланған видеоны көріңіз:

XS
SM
MD
LG