Батыс елдері Нигериядағы 40 адам қаза тапқан христиан шіркеуінде болған жарылыстарды айыптады.
Жарылыстар кеше католиктердің рождества мейрамын тойлап жатқан кезде болған. Жарылысқа жауапкершілікті елде шариғат билігін орнатқысы келетін "Боко Харам" деп аталатын исламшыл топ өз мойнына алған.
Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Италия және Рим католик шіркеуі мұсылмандар мен христиандар қатар өмір сүретін Нигериядағы жарылыстарды айыптады.
Исламшыл топ Нигерияда соңғы уақыттарда белсенді қимылдай бастады. "Боко Харам" тобы тамыз айында Нигерия астанасы Абуджадағы БҰҰ-ның ғимаратында 24 адам қаза тапқан болған жарылысты да өз мойнына алған.